Бүгіннен бастап Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалдым, — деді Сәдуақас Байғабылов Tengrinews.kz тілшісіне.
Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы — Жандарбек Бекшин. Сәдуақас Байғабылов оның орынбасары болды.
Бұған дейін Сәдуақас Байғабылов көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер лауазымын атқарған болатын. Ол бұл қызметке 2020 жылдың 31 наурызында тағайындалған.
Шілдеде Сәдуақас Байғабылов бірнеше апта бойы Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды. Айтуынша, ол коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберілген. Алайда ай соңында ол көліктегі бас дәрігер лауазымына оралды.
2020 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Сәдуақас Байғабылов Павлодар облысының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Сәдуақас Байғабылов Президенттің ол басқарған департаментіне айтқан сынынан кейін бұл қызметтен өз еркімен кетті.