Қызылордалық зілтемірші Айсамал Сансызбаева Әлем кубогының чемпионы атанды

Лимада ауыр атлетикадан өткен онлайн Əлем кубогында қызылордалық Айсамал Сансызбаева алтын медаль тақты.

Жарыстың соңғы күнінде 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түскен Айсамал жұлқа көтеруде 107, серпе көтеруде 137 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 244 келіні бағындырды.

Айта кетейік, ол былтыр Пхеньянда өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.

Айсамал Сансызбаева — Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды. Жаттықтырушылары — Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.

Әлем кубогына бəсекеге еліміздің намысын Қызылорда облысынан төрт спортшы қорғады. Атап айтсақ, Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаева Əлем кубогының жеңімпазы атанды.

Ал Азамат Төлеген мен Мейрамбек Əбдіхалық 4-орындарды иеленіп, шеберлігін шыңдады.