Қызылордалық зілтемірші Рахат жасөспірімдер арасында 102 келі салмақ дəрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс нəтижесінде 319 келіні (140+179) бағындырды.
Былтыр Пхеньянда жəне Ташкентте өткен өткен Азия, Лас-Вегастағы Əлем чемпионаттарында алтын медальдарды иеленген.
Рахат Бекболат 16 жасында әлем рекордын орнатып, Азияның «Үздік спортшысы» номинациясының иегері атанған.
Бапкерлері — Нұржан Смаханов, Арман Абдраев.
Жарыстың соңғы күні — бүгін 81 келіден жоғары салмақта жерлесіміз Айсамал Сансызбаева өнер көрсетеді.
11-18 қараша аралығында өтіп жатқан чемпионатқа 61 елден 399 спортшы қатысып жатыр.