КазахMAN

«КазахMAN» — заманымыздың қаһарманы туралы комикс. Батыр есімді жас жігіт басқалар секілді пәтер жалдап, жұмыс істеп қалыпты өмір сүруге тырысады. Алайда өмірдегі басты мақсатын басқаларды түрлі қиындықтан құтқарып, жауыздармен күресіп, ата-анасының және жалпы қоғамның құрметіне ие болу деп түсінетін. Бірақ кейде игі істің де бағалаусыз қалатыны бар емес пе?

комикс
Фото: Melomen.kz

Комикстегі физика

Шахмардан Есенов қорының физика заңдарын ұғындыратын «Комикстегі физика» жобасы 10 бөлімнен тұрады. Бұл — балалар мен жасөспірімдердің ғылымға деген құмарлығын арттырып, физика заңдарын қарапайым мысалдармен түсіндіретін сериялар жинағы. Әлібек, Ника, Руслан және Ерік атты бас кейіпкерлер Қайыңды көліне, Байқоңырға, ғарышқа, микроәлемге, мұз лабиринтке саяхаттай отырып, іс-әрекетіндегі, жүрген жеріндегі физика заңдарымен танысады.

Физика комиксте, Есенов қоры
Фото: Yessenovfoundation.org

 #ПРОАЛМАТУ

2318 жыл. Алматы. Комиксте оңтүстік астана тұрғындарының жеке оқиғалары мен ластанған экологиясы туралы 12 хикая қамтылған. Бір қызығы, әр әңгімені 12 суретші салған екен.

комикс
Фото: Melomen.kz

Еркетай

Бір күні ойын десе жаны қалмайтын Еркетай асықтан жеңіліп қалады. Жеңген достары жоғалып кеткен қойды іздеп табуын сұрайды. Намысшыл Еркетай қойды іздеуге жол тартады. Ал оның қарсыласы Жәнібек соңынан ілесіп, аңдымақшы болады. 5 бөлімнен тұратын комиксте Еркетай мен Жәнібектің басынан өткен түрлі шытырман оқиғалар баяндалады.

комикс
Фото: Кhancomics.kz

Astana Triumph

Astana Triumph комиксі — Кира және Бақыт есімді жасөспірім апалы-сіңілі туралы хикая. Сюжет бойынша қыздар астана маңындағы лагерьге барады. Осы уақытта бір құпия зертханада жарылыс болып, белгісіз вирус тарап, адамдар зомбиге айнала бастайды. Кира мен Бақытқа қалада тұратын ата-анасына жету үшін құбыжықтардың арасынан өтуге тура келеді…

комикс
Фото: Melomen.kz