Коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа тағы 2 облыс енді

«Қызыл» аймаққа Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары кіреді. Ал «сары» аймақта Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта, — деді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, «қызыл» аймақтағы өңір әкімдіктері карантин шектеулерін күшейтіп жатыр.

Сыртқаттанудың өсуі барлық өңірде байқалып жатыр. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 1,7 есе өсті. Республика бойынша ауруды жұқтырудың 45%-і Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қостанай облысында 4, Батыс Қазақстан облысында 3,2, ал Павлодар облысында 2,7 есе көбейді. Жоғарыда аталған өңір әкімдері күшейтілген шараларды қабылдап жатыр. Эпидемиология жағдайының нашарлауына байланысты елімізде карантинді күшейту шаралары қабылданды. Атап айтқанда, санитария бекеттер орнатылып, Петропавл және Көкшетауға кіру және шығу шектелді. Көрсетілген облыстарға кіруге және шығуға, әуе, теміржол қатынастарының саны қысқартылды. Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы уақыт бойынша шектелді. Жұмыс істейтін қызметкерлердің кемінде 80%-і қашықтан жұмысі істеуге көшті. Жиналыстарды офлайн форматта өткізуге толық тыйым салынды. Демалыс және мереке күндері шектеу шаралары  күшейтілді. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында әуежайларға, теміржол вокзалдарына қолында билеті бар азаматтар ғана кіре алады, — деді Ержан Байтанаев.

Бұған дейін Павлодар облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енгені хабарланған еді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 118 491-ге жетті.

Ал өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың тағы 587 дерегі анықталды. Бұл бір күн бұрынғыдан 23 адамға көп.