Қазақстанда тағы 564 адамнан коронавирус анықталды

Ең көп дерек Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Мұнда кейінгі тәулікте 245 адам коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Қостанай облысында 63, Павлодар облысында 47 науқас анықталды.

Маңғыстау және Қызылорда облысында бірде-бір адам инфекция жұқтырмады.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 117 336-ға жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 14 990(+24);
Нұр-Сұлтанда — 14 889(+22);
Шығыс Қазақстан облысында — 12 295(+245);
Атырау облысында — 11 366(+7);
Қарағанды облысында — 10 725(+14);
Батыс Қазақстан облысында — 7 300(+26);
Шымкентте — 5 267(+1);
Алматы облысында — 5 255(+17);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 776(+46);
Павлодар облысында — 4 735(+47);
Жамбыл облысында — 4 225(+5);
Ақмола облысында — 4 059(+44);
Қостанай облысында — 3 988(+63);
Түркістан облысында — 3 426(+1);
Маңғыстау облысында — 3 408(+0);
Ақтөбе облысында — 3 370(+2);
Қызылорда облысында — 3 262(+0).

Бүгінге дейін 1 905 адамның өліміне COVID-19 себеп болды.

Аурудан айыққандар статистикасы

Қазақстанда өткен тәулікте 326 адам коронавирус инфекциясын жеңді. Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтанда — 62;
Ақмола облысында — 67;
Ақтөбе облысында — 15;
Алматы облысында — 8;
Атырау облысында — 4;
Шығыс Қазақстан облысында — 78;
Жамбыл облысында — 13;
Батыс Қазақстан облысында — 2;
Қарағанды облысында — 14;
Қостанай облысында — 3;
Қызылорда облысында — 11;
Павлодар облысында — 49.

Елімізде барлығы 108 169 адам COVID-19-дан жазылды.

Ауырып жатқандар туралы мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 7 262 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 384 бала бар. 2 891 науқас стационарларда, 4 371 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 194 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Пневмонияға қатысты дерек

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияны 11 адам жұқтырды, 1 науқас қайтыс болды. Бір тәулік ішінде 21 пациент жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап пневмония жұқтырған 39 115 науқас анықталды, 410 өлім дерегі тіркелді, барлығы 29 203 адам жазылып шықты.

9 қарашада премьер-министр Асқар Мамин Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Отырыста барлық өңірде COVID-19 жұқтыру дерегі көбейгені айтылды.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары «қызыл» аймаққа енді, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары сары аймақта.