Агенттік зертханалық қызметтер мен қорғаныс құралдары бағасының дұрыс қойылуын тексерді. Нәтижесінде ПТР сараптамасының құны 18 000 теңгеден 9 000 теңгеге дейін төмендеді.
«Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 000 теңгеден көп болмайтын баға белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары ПТР сараптамасы құнын 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті, — делінген хабарламада.
Медицина маскасын өндірушілер бағаны бір дана үшін 21 теңгеге дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда орындарының үстеме бағасы 20 теңгеден 3 теңгеге, орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендеді.