Коронавируспен ауырған адамда созылмалы шаршау синдромы қалай пайда болады?

Елімізде постковид синдром сияқты проблеманың көтеріліп, талқыға түсіп жатқаны қуантады. Өйткені, қазіргі уақытта күн сайын COVID жұқтырған пациенттердің саны әлемде де, елімізде де артып келе жатқаны белгілі. Бұған қоса, аурудыбастан кешірген пациенттердің көпшілігі бізде түрлі шағыммен келіп жатыр. Мәселен, таяуда қабылдауымызға бір әйел келіп, қалыпты өмірге орала алмай жүргеніне шағымданған еді. Алайда ол өзін не мазалайтындығыны түсіндіріп бере алмады, — деді Махаббат Бекбосынова.

Оның айтуынша, Чадера деп аталатын шкала бар. Бұл шкала пациенттің жай-күйін барынша жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Пациент өзін не мазалайтынын түсіндіре алмаған, бірақ қалыпты өмірге орала алмай жүргенін түсінген кезде созылмалы шаршауға ұшыраған деуге болады. Міне, осы кезде бұл шкала сол пациенттің жай-күйін шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Шкалада 11 балл бар. Пациенттің жай-күйі 3 баллаға дейін болса, онда қалыпты саналады. Ал 4-тен 11 баллға дейінгі аралық пациентте қандайда бір проблеманың бар екенін білдірді және оған неврологқа немесе психотерапевтке қаралуы қажет. Шындығына келгенде бізде коронавирусты бастан кешірген паценттерді тексеру хаттамасы бар. Ол зертханалық, сонымен қатар инструментал зерттеу әдістерін қамтиды. Пациент қанынан жалпы сараптама аламыз. Өйткені, қан иммун жүйенің қандай жағдайда екенін жақсы көрсетіп береді. Лейкопения мен лимфоцитопения бақылауында әлі күнге дейін тұрған пациенттер бар. Коронавирусты бастан кешіргендеріне 2-3 ай өтсе де бұл пациентердің иммун жүйесінде проблема бар деген сөз, — деді ол.

Сонымен қатар ол пациенттердің бүйрегі мен ұйқы безінің, өкпесі мен жүрегінің қалай жұмыс істеп тұрғанын бақылауға арналған сараптамалардың биохимиялық спектрі де жүргізілетінін айтады. Созылмалы шаршау синдромына шалдыққан пациенттерде цитомегаловирус пен Эпштейн-Барр жоғары болатындығына назар аудартады.

Цитомегаловирус пен Эпштейн-Барр — әрбір адамның ағзасында өмір сүретін вирустар. Иммун жүйесі жақсы күйде болған кезде осы инфекцияларды ағза ішінде бақылауда ұстап, олардың тез көбейіп кетуіне жол бермейді. Егер иммун жүйесі әлсіресе, сол кезде түрлі симптом, синдромдар пайда болады. Олардың ең алғашқысы – созылмалы шаршау синдромы мен созылмалықабыну синдромы, — деді Махаббат Бекбосынова.