Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
Гүлнар Әбдірахманованың айтуынша, әйел адам коронавирусты бірінші рет сәуірде, сосын тамызда қайта жұқтырған.
Мұндай жағдай Батыс Қазақстан облысында бірінші рет болып отыр. Әйел адам бірінші рет коронавируспен пандемия басталған кезде ауырды. Бұл сәуір айында болды. Екінші рет инфекцияны тамызда жұқтырды. Пациент екеуінде де стационарда ем қабылдады, — деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Өткен тәулікте 432 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, 177 науқас ауруынан айықты, 6 пациент қайтыс болды. Елімізде коронавирусты барлығы 113 741 адам жұқтырды.