Басты бетЖаңалықтарЗейнетақы жарнасының...

Зейнетақы жарнасының бір бөлігін алу туралы заң жобасы мақұлданды

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннің айтуынша, зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігі қолжетімді әрі түсінікті болуға тиіс.

2021 жылдың басынан бастап зейнетақы қорының салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалана алады, — деді Мәжіліс cпикері.

Осы норманы талқылау кезінде Мәжіліс депутаттары заң жобасында көзделген зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегін белгілеу әдістемесіне қатысты мәселені көтерді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері зейнетақы жинақтарының жеткілікті шегін Үкімет белгілейтінін айтты.

Жеткілікті шекті белгілеудің басты мақсаты — азаматтарды зейнетке шыққан кезде лайық зейнетақымен қамтамасыз ету.