Қасым-Жомарт Тоқаев: Венадағы жантүршігерлік терактіні ақтауға болмайды

Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек, — деп жазды президент.

Мұның алдында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Венада зардап шеккендер арасында азаматтарымыз жоқ екенін хабарлады.

Еске салайық, 2 қараша күні кешке Венада атыс болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де оқ атылған. Қаруланған белгісіз адамдар синагогаға, мейрамханаларға және еврейлер орталығы орналасқан — халық шоғырланған ауданға шабуыл жасады. Салдарынан 4 адам қайтыс болды.