Венада зардап шеккендер арасында азаматтарымыз жоқ екені анықталды

2 қараша күні кешке Австрия астанасы Венада белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Аустриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізіп жатыр. Қазақстанның Аустриядағы елшілігінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ, — делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2 қараша күні кешке Венада атыс болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де оқ атылған. Қаруланған белгісіз адамдар синагогаға, мейрамханаларға және еврейлер орталығы орналасқан — халық шоғырланған ауданға шабуыл жасады.

Салдарынан 4 адам қайтыс болды.

Австрия ІІМ оқиғаны теракт деп атады және тұрғындардан көшеге шықпай, үйде отыруды сұрады.