Басты бетҚоғамШығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан облысынан ПТР анықтамасы жоқ азаматтар шыға алмайды

Анықтама берілген күнінен бастап 3 тәулікке жарамды, мерзімі өткен немесе COVID-19 жұқтырғаны туралы анықтамасы бар жолаушылар әуе кемесі бортына және вагонға отырғызылмайды.

Анықтама 5 жасқа дейінгі балалардан талап етілмейді.

Cонымен бірге Семей және Өскемен әуежайларына және теміржол вокзалына қарсы алатын немесе шығарып салатын адамдар кіре алмайды, — делінген қаулыда.

Шығыс Қазақстан облысында коронавирусты барлығы 10 295 науқас жұқтырды. Мұнда кейінгі тәулікте 245 адамнан COVID-19 анықталды. Бұл — 1 қараша өңірлер бойынша тіркелген ең көп дерек.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық сараптама орталығы ПТР тестінің құнын 8 025 теңгеге дейін төмендеткенін хабарлаған еді. Қазіргі уақытта бұл — Қазақстандағы ең төмен баға.

ПТР тестін Ұлттық сараптама орталығының 10 филиалында жасатуға болады. Бірақ бұл тізімде Өскемен мен Семей жоқ.