Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Алматы криминал полициясының жедел уәкілдері С. және У. есімді күдіктілерді ұстады.

Ал үшінші күдіктіні дәл қазір Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері қолға түсірді.

Ұрланған қаражат тәркіленді. Банкті тонағандар қолданған аңшы мылтығы күдіктілердің біріне тиесілі екені анықталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Kaspi bank-тің баспасөз қызметі ұсталғандар кінәсін мойындағанын және тергеу аяқталған соң сот алдында жауап беретінін хабарлады.

Еске салайық, Алматыдағы Kaspi bank бөлімшесіне 15 қазан күні қарақшылық шабуыл жасалды. Тонау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.