Алматыда Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Тонау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Каспий банк
Фото: Kapital.kz

Кеше, 15 қазанда Алматыда екі қарулы тонаушы Kaspi.kz бөлімшесіне тонауға түсті. Жұмыс күні аяқталып жатқан, бөлімшеде клиенттер болмаған. Белгісіз адамдар қарумен қорқытып, алдын ала деректер бойынша 2 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Дабыл түймесі іске қосылғаннан кейін көп ұзамай полиция келді. Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, белсенді әрекет етіп жатыр. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазаға тартылады, – делінген жазбада.