Басты бетҚоғамАлматыда кинотеатр...

Алматыда кинотеатр билеттері қымбаттады

Кинотеатрларда барлық санитария ережесі сақталған: кіреберісте келушілердің дене қызуы өлшенеді, дезинфекция кілемшелері төселеді. Әр залда санитайзерлер орнатылған, барлық қызметкер қорғаныс құралдарымен жұмыс істейді. Бактерицидті кварц шамдары да бар.

Билет бағасының көтерілуі әбден мүмкін еді. Орташа алғанда, олардың құны 20-30% көтерілді. Мысалы, бұрын кешкі сеанс 2 400 теңге болса, енді 600 теңгеге қымбат. Кәсіпкерлерді түсінуге болады. Төтенше жағдай режимі олардың бизнесіне кері әсер етті, ал әзірше аншлаг жасауға тыйым салынады, — деді Әуезов ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Салтанат Бөпежанова.

Телеарна мәліметінше, кинотеатрларда әзірше отандық фильмдер көрсетіліп жатыр, ал 29 қазаннан бастап шетел фильмдері прокатқа шығады.

ДереккөзTengrinews.kz