Жандарбек Бекшин бүгін, 26 қазанда Алматыда коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы №64-қаулыға қол қойды.
Осы жылдың 26 қазанынан бастап кинотеатрлар қызметіне рұқсат беру. Толтырылуы 30%-тен аспайды, Infokazakhstan.kz порталында тіркелуге тиіс, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің № 57 қаулысының талаптарын сақтау, — делінген қаулыда.
Сонымен бірге 26 қазаннан бастап сенбі күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері жұмыс істейді. Мұнда да сыйымдылық 30%-тен аспауға тиіс және санитария талаптары сақталуы керек.
Жандарбек Бекшиннің қаулысын мына сілтемеден оқуға болады.