Басты бетМедицинаПандемия кезінде...

Пандемия кезінде маска тағу не үшін маңызды?

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия масканы не үшін тағу керек екенін түсіндірді. 

COVID-19 ауа арқылы тарайды. Ауру жұқтырған науқастың тамшылары әуелі ауаға, содан кейін сау адамның шырыш қабаттарына түседі.

Тамшылар ауаға түшкіргенде немесе жөтелгенде ғана тарамайды, науқас жай  ғана дем алса, сөйлесе немесе ән айтса жеткілікті. Сондықтан кем дегенде бір метр қашықтықты сақтау маңызды.

Желіде маска тағу зиян екенін айтатын хабарлар тарап жатыр. Бұл — жалған ақпарат. Маска қалыпты газ алмасуға кедергі келтірмейді, адам оттегінің жетіспеушілігінен немесе көмірқышқыл газының артық болуынан зардап шекпейді және ауырмайды, — делінген хабарламада.