COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне енді өтемақы берілмейді

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша 20 қазанда Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, онда медицина қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемдерді аяқтау туралы шешім қабылданды. Осылайша 20 қазаннан бастап медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге жаңа өтініштер қабылдау тоқтатылды», — деді Марат Шоранов.

Марат Шорановтың айтуынша, 421 медицина қызметкеріне апта соңына дейін өтемақы беріледі.

Қалған 5% немесе 421 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер қазір өңірлік комиссиялар деңгейінде рәсімдеу сатысында және олар ақпараттық жүйеге енгізіледі. Оларға төлемдер апта соңына дейін 23 қазанға дейін беріледі, — деді бірінші вице-министр.

ДереккөзTengrinews.kz