Жаңа батарея сатып алғанға дейін, батареяңызды шыдатып ұстауға пайдалы 10 кеңес:
1. Телефоныңызды сөндіріңіз. Ең бірінші, сіз білмеуіңіз мүмкін ең айқын нәрседен бастайық. Егер, сіз сеть тұрғысының өте әсліз ұстап тұрған жерінде болсаңыз, сіздің телефоныңыз автоматты түрде сигналды толық ұстауға тырысып, батарея зарядын максималды түрде қоладанады. Сондықтан, метрода көп болып, немесе антенна әлсіз ұстайтын жерде ұзақ болсаңыз, телефоныңызды өшіргеніңіз (немесе «полет» режиміне ауыстырғаныңыз) — телефон батареясын сіз ойлағаннан әлде қайда артық сақтайды.
2. Жақсы сигнал барына сенімді болыңыз. 1-шіде түсіндіргендей, сіздің ұялы телефоныңыз жақсы сигнал іздеуге көп заряд құртады. Телефоныңызды оңтайлы сигналмен қамтамасыз ету үшін cell phone repeater қолданыңыз.
3. Телефонның толықтай өшуіне жол бермеңіз. Литий иондық (Li-ion) батареялар зарядтың соңына дейін отырып қалуына арналмаған болып табылады. Зарядтың толықтай өшіп қалуы, батареяңыздың өмірінің азаюна ап келеді. Мүмкін болғанша батареяңызды соңына дейін қолданбай, әрі жиі зарядтағаныңыз жөн. Көбінесе, 20-80% аралығында ұстауды мамандар кеңес береді.
4. Вибрацияны сөндіріңіз. Вибрация еріксіз қозғалыс болғандықтан, әрине ол зарядты көп қажет етеді. Егер дауысты қоңырауды қойсаңыз, вибрацияны өшіріңіз. Сол арқылы, батареяңызды сақтаңыз.
5. Жарықтығын азайтып, подсветканы өшіріңіз. Телефон экраны батарея соратны негізгі фактор болып табылады. Телефон жарықтығын мүмкіндігінше төмен ұстауға тырысыңыз. Кейбір телефондарда жағдайларға қарай автоматты түрде экран жарықтығы төмендейді. Егер телефон жарығына мұқтаж болмасаңыз, жарықтығын азайтып, подсветкасын тек 1-2сек тұратындай етіп өзгерткеніңіз абзал.
6. Блютузды сөндіріңіз. Блютуздың қосулы тұруы батареяңыздың өте жылдам отыруына себеп болады. Сондықтан, тек керек кезде қолданғаныңыз батареяңызды сақтайды. Файл өткізуге блютуздан басқа жолдарды қолданыңыз. Мысалға, кабельді жалғау.
7. Анимациядан алыс болыңыз. Оның қатарына, экран бетіндегі анимациялық суреттер мен gif-файлдар жатады. Бұлар кішкене көңілдің хошы болғанымен, батареяның үлкен соры болып табылады.
8. Қара фонды қолданыңыз. Қою түсті суреттерге қарағанда ашық түсті суреттерге батарея қуаты көп кетеді. Сондықтан фонға қою түсті суреттер қойыңыз. Сонымен қатар, blackl вебсайтын қолданыңыз. Бұл googleдің қара түстісі болып келеді.
9. 3G емес, GSM қолданыңыз. Себебі, әрбір телефонда 3G мен GSM арнайы 2 түрлі режим орнатылған. GSM-ге арналған режим батарея зарядын аз қолданады, 3Gмен салыстырғанда. (тексеріп көрсеңіз болады)
10. Қолайлы шағын аккумулятор зарядтағышын алыңыз. Шағын аккумулятор зарядтағыштардың түр-түрі бар. Duracell Compact Portable Power-дан бастап Samsung Portable Battery-ға дейін. Олар 4 толық зарядты қамтамасыз ете алады. Немесе өзіңізге portable solar powered charger алсаңыз да болады.(Күн сәулесімен зарядталатын шағын қолайлы аккумулятор зарядтағышы)