Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары әзірленді

Пандемияның аймақтардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері экономиканың барлық саласында бірқатар проблеманы ашты.

Қызылорда облысы
Қызылорда облысының аумағы. Карта: Wikimedia.org

Бұл Қызылорда облысында экономиканың барлық саласы мен әлеуметтік салаға ауқымды талдау жүргізуді, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің негізгі түрлерін өндіру және тұтыну теңгеріміне ауқымды талдауды жедел жүргізуге себеп болды.

Талдау қорытындысымен агломерациялық тәсіл негізінде қызмет түрлері бойынша саралау арқылы 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары әзірленді, оның шеңберінде бизнеске 4600-ден астам тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін жалпы сомасы 270 миллиард теңгеден асатын 265 жобаны іске асыру ұсынылды. Оның ішінде ағымдағы жылы 26 миллиард теңгеге 110-ы іске асырыла бастады, 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады, олардың 63-і іске асты.

Жоспарды әзірлеу идеясы – өңірдің ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік емес қаржы институттарының бағдарламаларын кешенді пайдалану арқылы өңірдің азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен өзін-өзі қамтамасыз етуді қамту, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын құру.