Қазақ халқы шын мәнінде қандай тіршілік кешкенін ескі фотолардан анық білуге болады. Сол үшін Baribar.kz тілшісі Антропология және этнография мұражайы коллекцияларының электрон базасының (кунсткамера) көпшілікке арналған бөлігін ақтарды. Ресурстағы этнографиялық және археологиялық коллекция жинайтындар түсірген фотоларды іріктеп, оқырманға ұсынып отырмыз.

2020 жылғы қазан айында шыққан материалды қайта жариялап отырмыз.

Күнделікті тіршілік

Күмісші

a2405f7f4238d8331de4f639bd21a79a Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото сол кездегі Семей облысы, Ақкелін шатқалында түсірілген.

Әйелдер мен балалардың фотосы

4dd5ca30c7fc443ae337bb93cc334d89 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото сол кездегі Семей өңіріндегі Саумалкөл өзені маңында түсірілген.

Арқан иіру

6c1645c3422f15b1503e6e5f7c6ee27c Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Солтүстік-Шығыс Қазақстан облысында түсірілген.

Боза қайнату

7d68826577b2414a9d16ed090f0b0b21 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Сурет Жетісуда түсірілген. Әйел боза қайтанып отыр. Боза — дәнді дақылдан ашытып жасалатын ежелгі сусын. Дайындау технологиясы мен сақтау мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза деп те атайды. Жас боза құрамында 4-6%, ал қорланған бозада 12-15% спирт болады. Бозаның уытсыз, жай ашытқымен жасалған түрін мақсым боза дейді.

Жүн сабау

8498c9f9dfb5d70d1a16b54ec10aa83b Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Семей өңірінде түсірілген. Әйелдер, көбіне әжелер малдың жүнін екі ағашпен кезек-кезек сабайды. Жүн бір-бірінен ажырап, әбден икемге келгенше сабай береді. Соңында жұмсарған жүннен жіп иіріп, одан киім тігіп, алаша, қалта тоқиды.

Сабын қайнатқан әйелдер

93a31881f6585a63a04786c4f8a7b7de Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Кір жуу

Ескі сурет
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Дуана

b2c85ca3d4ebf6b0b037ef5f59159c3d Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Үй-жайы, отбасы жоқ, дүниеден баз кешкен, қысы-жазы ел кезіп жүретін адам болған. Оны қазақта дуана (диуана) деп айтады. Дуана баспананы уайым қылмаған, әйтеуір, кеш батпай бір ауылдың іргесіне ілініп алса болғаны. Құдайы қонақ, көріпкел деп кез келген үй есік ашады. Дуаналар шамандықтың, сопылықтың негізгі қағидаттарын қатар ұстанған. Бақсылық ұстанатындар азайып, Ислам діні дендеп ене бастағанда пайда болған.

Бесік тербеткен әйел

fd40b8b26a61637ca4837b149c65f302 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Әйел бесікті таза ауаға шығарып, баласын бөлеп отыр. Бесікке бөленген баланың аяқ-қолы түзу өседі, әрі тербеткенде ұйықтап қалады деген пікір бар. Қыз болса, жастығының астына айна-тарақ, ұл болса, қамшы қояды. Шошып қалмасын деп пышақ та қойған. Үйдегі қымбат, құнды дүниені де бесіктің астына салатын жағдай да кездескен.

Шаш алу

45c0e3da8f717c8747ca8c21b0c0a14c Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Киіз басу

e71a641165a3004bd28699366f9817a7 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Бір үй киіз басар болса, көрші әйелдің бәрі көмектесуге барған. Бір ауылдың үйлері осылай кезек-кезек киіз басып шығады. Әуелі жүнді түтіп, бояу суға қайнатып алады. Түрлі түстегі жүнді кептіріп алған соң, одан киіздің пішінін жасайды. Ыстық су құйып отырып, домалатып қайта-қайта білекпен илейді. Бір домалатып алған соң киізге сол тұрған күйінде ыстық су құйып шығады.

Ыстық сумен домалату киіздің жүні бір-бірімен жабысуы үшін керек. Дәстүрлі қазақ қоғамында киіз басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қой қырқатын уақта басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің бәрін өңдеп болғанға дейін созылады.

Қой сауу

873ccb69799b754cafcdf23a3dca6381 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Тамақ пісіру

e2667024b7f801e27fc631689d85106f Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, Махова Елена коллекциясынан

Даладағы жерошаққа тамақ пісіріп, самаурынға шай қайнатып отырған әйел. Фото 1950 жылы түсірілген.

Нан пісіріп отырған әйел

20ab386516f6f7e9b3e5689c06609aad Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, Махова Елена коллекциясынан

Фото 1950 жылы Жамбыл облысында түсірілген. Әйел ашыған қамырдан жұқа нан жасап, артындағы пешке бірнешеуін бір-ақ пісіріп алады.

Анасы мен қызы

726f93e2fe18cc022dedca79163536e1 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Фото Павлодар облысында түсірілген.

Құрт қайнату

43053a3919b51dbc671186047f8538c8 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Құртты жерошаққа қайнатады. Бұл үшін сүт пісіріп, ұйытады. Ол қою айран болған соң үстіне су қосып, күбімен піседі. Күбінің бетіне сары май шыққан соң, оны алып, тұз қосып, араластырады. Күбідегі айранды «піскен айран» дейді. Сұйық болады. Оны қазанға құйып, қайнатады. Бетіне іркілдеп қоюы шыққанда, мата қалтаға құйып алып, суы ағып, құрғауы үшін бір күндей іліп қояды.

Сосын тұз қосып, құрт жасайды. Құрт жақсы қайнаса, домалақ етіп пішін шығаруға болады. Қайнауы аз құрт бірікпейді, оны қолмен мыжып, сосын жайып қояды.

Көң жасау

31d4552eb36e6dac2d57ecfa50fa6466 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Фото Павлодар облысында түсірілген. Көңді малдың тезегіне су қосып жасайды. Әдетте, қорада әбден қатпарланған тезекті ойып алады. Сосын шетінен су қосып, жібітеді де, қолмен көң жасайды. Күнге екі бетін кезек-кезек аударып, кептіреді.

Көңді отын ретінде нан, тамақ пісіруге жағады. Әсіресе, ет асқанда бірқалыпты маздап жанып, тамақ жақсы пісуі үшін ошақтың астына көң қалап қояды.

Қысқа жиналған көң

592288b6ea4afcaf6d9f13a97d6eac8c Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Бұл фото Вайшле Михаил Сильвестрович коллекциясынан алынған. Павлодар облысында түсірілген. Жазда көң жасап, қыстық отынға осылай жинап қоятын болған.

Тезек жинап жүрген әйелдер

a64b2d5dde40e0e4e55c1dd2585a5d15 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Малдың тезегімен от жағатынын айттық. Қазір де ауылда тезек тереді. Тезекті жаңбыр жаумай тұрып теріп алған дұрыс. Тезек құрғақ болады, көңге қарағанда лапылдап, тез жанып кетеді. Етті бір рет қатты қайнатуға осы тезекті, ал артынан баяу қайнатуға көң жақсы.

Дін мен намаз

Қолын сүртіп тұрған ер адам

045d261a2af0fc4d16b630d448c0081b Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Суреттегі ер адам намаз алдында дәрет алып, қолын сүртіп тұр.

Намаз оқу

3973cb4fbbd10f53d99f6a1f495a3721 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Далада шапанын жайнамаз етіп төсеп, жамағат болып намаз оқып жатқан қазақтар.

Дәуіт ата қорымындағы мазар

552492dcabe4c2c123a808340bf057ca Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы

Фото 1946 жылы Өзбекстанның Қарақалпақ автономиялық облысында түсірілген.

Керегемен жабылған зират

de0806df6e08c6d9b93f04a3fcbf858c Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru

Фото 1948 жылы Өбекстанның Қарақалпақ автономиялық облысында түсірілген. Зираттың үсті кәдімгі қадамен емес, киіз үйдің керегесімен жабылған. Бұлай ету зират басына қазан, бесік қалдырып кету сияқты қазақтың бір ырымы болса керек.

Қой сояр алдындағы құран

4161b86007d44d768ca430adfd59b0ee Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Ислам діні бойынша құран оқылып, «Бісміллә» деп сойылған мал ғана адал. Сондықтан мал соярда әуелі үлкендердің батасы алып, сүре оқиды.

Киіз үй іші

Киіз үй жанында тұрған балалар

9cc3820ede1628fc5e765973cec2242c Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Киіз үйдегі қонақтар

53f6ae7155cf73e670b6b54c1121ba2d Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Киіз үйдегі қонақтардың фотосы сол кездегі Семей облысының Баянауыл ауылында түсірілген.

Қыста сақтау үшін жиналған киіз үй

0258a8d4a3af00a9f4abd9764eae30dc Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Вайшле Михаил Сильвестрович

Қара суық басталғанда қазақ қыстауға көшкен. Жайлаудағы киіз үйін жинап алып, қыстаудағы үйіне апарып қояды. Сурет Павлодар облысында түсірілген.

Киіз үй құру

662fe8970384adef123054bfd2400b74 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Лейбин Павел Соломонович

Суреттің қай облыста түсірілгені белгісіз. Тек «Орталық Азия, Қазақстан» деген анықтамасы бар.

Киіз үй ішіндегі сабақ

cedd93081ffe885633de0515b9331418 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Семей өңірінде түсірілген фото. Балалар киіз үйде сабақ оқып отыр.

Ұлттық киім киген қазақтар

Үйлену тойына арналған сырт киім мен сәукеле киген қыз 

1d14a4afd70a8952d6b0f73fdd48ea45 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Семей маңында түсірілді. Сәукеле — ұзатылған қызға арналған аса қымбат баскиім. Оның бағасы өте қымбат болған. Оны айырбастамайды, басқаға киюге бермейді. Тіпті, кей деректе бір сәукелені бір үйір жылқы беріп жасататыны айтылады.

Ұзатылып бара жатқан қыз

8ab5bdd8d5b69afdcf6390273660fa5f Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, де-Лазари Константин коллекциясынан

Үйлену тойы кәстөмі мен сәукеледегі қыз әйелдер ортасында тұр. Фото 1898 жылы Жетісу облысында түсірілген.

Тұрмысқа шыққан әйел мен тұрмыс құрмаған қыз

af1fbc6047a3a4a8be553425838e61eb Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Семей облысының, Саумалкөл ауылында түсірілген. Ол кезде қызды жастай алғанымен, күйеуіне қоспаған. Қыз кәмелет жасқа толып, оң-солын ажыратқанда барып, ерлі-зайыпты санаған.

Ұлттық киім киген ер адамдар

21e47ec96ceb35eb26bb8d6bc89f02da Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Ұлттық бас киім мен сырт киім киген қыздар

b506105d09d15a37e90ae40476124797 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Киім ілгіш

c2e7822ee34ee9a0beed4e6189c1b738 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Мелков Александр Лаврентьевич

Фото 1929 жылы түсірілген.

Бай мен кедей

Атта мініп тұрған кедей қалыңдық

eef160fac33d9b741fb0077b9a3efe54 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото 1899 жылы Семей өңірінде түсірілген.

Жолаушы киімін киген бай әйелдер

fde3bd1f1767fb93c9591af39e89a39b Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фото Семейдің Саумалкөл өзені маңында түсірілген.

Қазақ отбасының портреті

321848ae9f78acfed059e0329ac60ba6 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, де-Лазари Константин коллекциясынан

Фото 1898 жылы Жетісу облысында түсірілген.

Кедей отбасы

2414460fa79bb362efa2172bd1d07092 Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru, Вайшле Михаил коллекциясынан

Бақуатты қазақ отбасы

73cf7a076b912f6226e1a1ec2d312a7d Ескі сурет: XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы
Фото: Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович

Фотоны 1899 жылы сол кездегі Семей облысында Самуил Дудин түсірді.

(Басты фото «Етікші» деп сақталған — Collection.kunstkamera.ru ©Дудин Самуил Мартынович)