Оның ішінде негізгі дақыл күріш — 21600 гектар, жаздық бидай — 507 гектар, мақсары — 1757 гектар, жаңа жоңышқа — 3715 гектар, ескі жоңышқа — 6452 гектар, картоп — 500 гектар, көкөнiс — 1000 гектар, бақша — 1 200 гектар.
2020 жылдың егісі үшін қажет 5500 тонна күріш тұқымы дайындалып, уақытылы себілді. Биылғы егіске қажет 13105 тонна минералдық тыңайтқыштар мен 22040 литр гербицид жеткізіліп, егісттіке себілді. Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, биыл 2 905,5 миллион теңге қаржыға 75 жаңа техника сатып алынды, – делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.
Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күзгі егін жұмыстарына барлығы 994 ауыл шаруашылығы техникалары қатысқан. Оның ішінде 426 трактор, 245 комбайн, 108 жатка,53 жүк көлігі және 162 трактор тіркемесі бар.
Егілген 507 гектар бидай толық жиналып 306 тонна өнім алынды. 1757 гектар мақсары толық жиналып 1493 тонна өнім жиналды. 3715 гектар жаңа жоңышқа толық жиналып 4198 тонна өнім алынды. 6452 гектар ескі жоңышқа орымы толық аяқталып 34776 тонна өнім алынды. 500 гектар картоп толық жиналып 6105 тонна өнім, 1000 гектар көкөніс толық жиналып 18330 тонна өнім, 1200 гектар бақша толық жиналып 26292 тонна өнім алынды. Бүгінге 21600 гектар күріш дақылы жоспарға сәйкес толық орылып, жиналып алынды , – делінген хабарламада.
Күріштен 2019 жылдың қортындысымен әр гектардан алынған орта өнім 66,0 центнер болса, 2020 жылы 69,2 центнерден өнім алынды.