Сейілда Байшақов Қазақстан Футбол федерациясының басшысы болды

ХІV кезектен тыс сайлау конференциясында Қазақстан Футбол Федерация мүшелері мен атқарушы комитетінің мүшелері бірауыздан Сейілда Байшақовты ҚФФ жаңа президенттігіне сайлады.

«Білдірген сенімдеріңізге, құрметтеріңізге үлкен алғысымды айтамын. Сенімдеріңізді жоғары бағалаймын. Өз тарапымнан қазақстандық футболды дамыту үшін барлық күш-жігерімді саламын. Алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, биік мақсаттарға жетіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін футболды сапалық жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін», — деп атап көрсетті Сейілда Байшақов.

Еске сала кетейік, Қазақстанның футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов отставкаға кеткен болатын.

Байшақов Сейілда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда Жамбыл қаласында дүниеге келген. Өзінің спорттағы мансабының басым бөлігін «Қайрат» командасында өткізді. Жаңа басшы 300-ге тарта матчқа қатысқан. 1971 жылы ленинградтық «Зинитпен» ойында негізгі құрамда шықты. Сейілда Байшақов көп жылдар бойы команданың капитаны және көшбасшысы болған. 1981 мансабын аяқтағаннан кейін «Қайраттың» бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарды.  ХХ жүз жылдығында Қазақстанның үздік футболшысы деп танылды. 2007 жылдың тамызынан ҚФФ вице-президенті лауазымында қызмет атқарды.

ДереккөзҚазАқпарат