ДСМ: Коронавирустан өлген дәрігерлердің отбасы түгел төлем алады

Осы аптаның соңына дейін жұмыста жүріп коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден әлеуметтік өтемақы төленеді.

Ауырған  және қайтыс болған медицина қызметкерлеріне бір реттік әлеуметтік төлемді қарау және беру рәсімдерін жеңілдету үшін Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2020 жылдың 10 қазанындағы бірлескен бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясы немесе пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңге, ауру салдарынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 миллион теңге беріледі.