Қазақстандағы коронавирус: 3 өңірде жаңа дерек тіркелмеді

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 74 адамнан анықталды. 61 пациент жазылды, 3 науқас қайтыс болды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны:

Алматыда — 14 454(+5);
Нұр-Сұлтанда — 14 203(+5);
Атырау облысында — 11 145(+8);
Қарағанды облысында — 10 351(+7);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 932(+11);
Батыс Қазақстан облысында — 6 885(+3);
Шымкентте — 5 203(+1);
Алматы облысында — 4 995(+0);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 219(+11);
Жамбыл облысында — 4 143(+3);
Павлодар облысында — 3 998(+6);
Ақмола облысында — 3 526(+4);
Қостанай облысында — 3 519(+4);
Түркістан облысында — 3 394(+1);
Маңғыстау облысында — 3 362(+5);
Ақтөбе облысында — 3 257(+0);
Қызылорда облысында — 3 245(+0).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 108 831-ге жетті.