Эмомали Рахмон президент сайлауында жеңіске жетті

Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Эмомали Рахмон сайлауда 90,92% дауыс жинаған. Ал сайлауға қатысқандардың жалпы саны 85,39%-ке жеткен.

Еске салайық, кеше Тәжікстанда президент сайлауы болды.

Сайлауға бес кандидат қатысты, олардың барлығы саяси күштердің жетекшілері: қазіргі президент Эмомали Рахмон (Халықтық-демократиялық партияның басқарушысы), депутат Миродж Абдуллоев (Коммунистік партия), депутат Рустам Латифзода (аграрлық партия), депутат Рустам Рахматзода (Экономикалық реформа партиясы) және депутат Абдухалим Гаффорзода (Социалистік партия).

Елді 1992 жылдан бері басқарған Эмомали Рахмон Рахмон үшін (посткеңестік кеңістіктегі ең ұзақ) бұл бесінші сайлау болатын.