Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін туған күнімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Эмомали Рахмонға бауырлас Тәжікстан халқының игілігі үшін атқарып келе жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде табысқа жетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы дәстүрлі достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін айтты.

Жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ-тәжік халықтарының стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 5 қазанда 68 жасқа толды.