Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент Кувейтке, Молдоваға және Кипрге елші тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», — делінген жарлықта.