Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында 11 мыңнан астам азаматтың биометриялық мәліметі тіркелген

Бүгінге дейін облыста 11305 адам өзінің биометриялық мәліметін тіркеді.

Халыққа электрон сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін Президент мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуда және жеке бизнесте биометрияны кеңінен қолдануды тапсырды. Кейінгі жылдары бүкіл әлемде биометрия мен көп факторлы аутентификацияның пайдасына логин мен парольден бас тарту үрдісі байқалады. Мұндай сервисті алудың ыңғайлылығын біздің облысымыздың тұрғындары да сезінді. Бүгінде республика бойынша биометриялық параметрлер арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үш қалада жүзеге асып жатыр — Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда, – деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова.

Сонымен қатар ауылдық жерлерді интернетпен қамту бағытында жұмыс істеліп жатыр. Облыста 230 ауылдық елді мекен бар. Оның 160-ы интернетпен қамтамасыз етілген, бұл — 69%. 250-ден астам халқы бар 70 ауылдың 23-іне жыл соңына дейін базалық станция салынады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылыс үшін жер учаскелері бөлініп, электрмен жабдықтау мәселелері шешіліп жатыр.