Людмила Бюрабекова қызметінен не себепті кетті?

Людмила Бюрабекова Басқа жұмысқа ауысуына байланысты вице-министр қызметінен өз еркімен босатылды. Қайда жұмысқа шығатыны әлі белгісіз. Белгілі болған кезде мен немесе өзі айтатын шығар, — деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Бағдат Қожахметов бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрінің үстінен  ешқандай қылмыстық іс қоғалмайтынын айтты.

Бұл ақпаратты жоққа шығарғым келіп тұр. Неге десеңіз, бүгін де, кеше де ол кісімен сөйлестім. Ешқандай қылмыстық іс немесе басқа да жағымсыз істер жоқ екенін дәлелдеп беруге дайынмын, — деді ол.

Еске салайық, 23 қыркүйекте Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымға биыл 21 сәуірде тағайындалған еді.