Қасым-Жомарт Тоқаев «КСМ Техновид» ЖШС-не барды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент кәсіпорын өнімдерін, құрылыс материалдары өндірісінің технология процесі көрді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді.

Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыт қуаты жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.

Зауыт
Фото: Akorda.kz

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы индустрия аймағының жағдайымен және даму перспективаларымен танысты. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.