Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 107 мыңнан асты

Иллюстрация: Dribbble.com/©Rich Stromwall

Жаңа дерек елдің 15 өңірінде тіркелді, тек Шымкентте және Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған бірде-бір науқас жоқ.

Кейінгі тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 20 адам инфекция жұқтырған. Бұл өзге өңірлермен салыстырғанда көп:

Алматыда — 14 329(+4);
Нұр-Сұлтанда — 13 962(+9);
Атырау облысында — 11 030(+7);
Қарағанды облысында — 10 209(+6);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 463 (+20);
Батыс Қазақстан облысында — 6 830(+4);
Шымкентте — 5 183(+0);
Алматы облысында — 4 946(+2);
Жамбыл облысында — 4 110(+1);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 035(+5);
Павлодар облысында — 3 884(+5);
Қостанай облысында — 3 455(+2);
Ақмола облысында — 3 452(+3);
Түркістан облысында — 3 363(+1);
Маңғыстау облысында — 3 337(+0);
Қызылорда облысында — 3 236(+2);
Ақтөбе облысында — 3 232(+1).

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 107 056-ға жетті. 101 455 адам инфекциядан жазылып шықты, 1 685 науқас қайтыс болды.