Төтенше жағдайлар министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр осы жылдың 8 айында төтенше жағдайлардың, табиғи және техноген апаттардың, сонымен бірге осындай жағдайда қаза болғандар санының азайғаны туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына және қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, түрлі төтенше жағдайларды азайту, қар бұрқасындарына әзірлік, сонымен қатар көктемгі тасқындар мен елдімекендерді су басу қаупінің алдын алу мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.

Еске салайық, Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі 2020 жылы 9 қыркүйекте қайта құрылды. 11 қыркүйекте Юрий Ильин ведомство басшысы болып тағайындалды.