2020 жылы ҰБТ ережесін бұзған 2 500 талапкерге қатаң шара қолданылған. Асхат Аймағамбетовтің мәліметінше, емтиханға тыйым салынған заттарды алып кіретіндер саны 70 есе азайды.
Өткен жылы ережелерді қатаңдату туралы шешім қабылдадық. Осылайша, қолданып үлгерсе де, үлгермесе де тыйым салынған заттармен тестілеуге кірген талапкерлердің нәтижелерін жою туралы жаңа нормалар пайда болды, тіпті, бұл заттарды алып кіруге әрекет еткендер емтиханға жіберілмейді. Бұрын металліздегіш құралдар арқылы тексеру кезінде телефон табылса, алып қалатын едік, бірақ талапкер тестілеуге қатыса беретін. Мұндай ереже бұзушылар саны еліміз бойынша 100-150 мыңнан асатын. Егер емтихан кезінде телефонмен ұсталып қалса, комиссия оны қолданып үлгергенін дәлелдеуі керек еді. Бұл жағдай ҰБТ-ны өткізу рәсіміне деген сенімсіздікке әкеп соқтырды. Сондықтан жаңа ережелерді құрастырғанда барлық мәселені ескердік. Нәтижесінде, тыйым салынған заттарды емтиханға кіргізуге әрекет ететіндер саны 70 есе азайды, 2019 жылы 128 мыңнан астам телефон табылса, 2020 жылы олардың саны 2500-ге жуық болды. Алайда емихан қорытындысын жою фактісі 100 есе көбейді: 2019 жылы 128 телефон алып кіру фактісі болды, 24 талапкердің ғана ҰБТ нәтижелері жойылса, ал 2020 жылы тыйым салынған заттар табылған барлық 2 500 адамға қатаң шара қолданылды, — деп жазды министр.
Ведомстов басшысының айтуынша, ҰБТ-ның орташа ұпайы төмендеді, шекті балл жинаған талапкерлердің саны едәуір азайды.
Бұл — тестілеудің әділ өтуі үшін жасалған қадам, — деді Асхат Аймағамбетов.