Шетелде оқыған 2 мыңнан астам студент Қазақстандағы ЖОО-ға ауысты

Шетелдегі жоғары оқу орнының көпшілігі қазақстандық ЖОО-лар сияқты оқу жылын қашықтан бастады. Алайда кейбір шетел университеттері студенттеріне онлайн оқу үшін платформалар ұсына алмаған.

Тамыз айының басында ведомство оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмаған студенттерге көмек бере бастады.

Алдын ала қабылданған шешімдердің арқасында 2 мыңнан астам қазақстандық студент елдегі университеттерге ауысуға ниет білдірді. Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында арнайы жедел желі қосылып, құжаттарды қабылдау процедурасы жеңілдетілді, — делінген хабарламада.