Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

9 қыркүйекте Қазақстанда пандемия ахуалы қалай өзгерді?

Иллюстрация: Dribbble.com/©Jake Givens

COVID-19 жұқтырғандар республиканың 15 өңірінде тіркелді. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында бірде-бір адамнан инфекция табылмады.

Өзге өңірлермен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысында ауру жұқтырған науқас көп. Мұнда бір күнде 16 пациент тіркелді.

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 100 мыңнан асты.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір күнде инфекция жұқтырғандар саны:

Алматыда — 14 288(+4);
Нұр-Сұлтанда — 19 911(+19);
Атырау облысында — 10 967(+6);
Қарағанды облысында — 10 159(+6);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 327(+16);
Батыс Қазақстан облысында — 6 795(+3);
Шымкентте — 5 182(+1);
Алматы облысында — 4 910(+1);
Жамбыл облысында — 4 102(+1);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 995(+5);
Павлодар облысында — 3 863(+3);
Қостанай облысында — 3 438(+2);
Ақмола облысында — 3 428(+4);
Түркістан облысында — 3 344(+1);
Маңғыстау облысында — 3 334(+0);
Қызылорда облысында — 3 231(+0);
Ақтөбе облысында — 3 224(+1).

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 106 488-ке жетті, 100 042 адам аурудан айықты.