Елімізде COVID-19 жұқтырған 16 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирустың тарауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, стационарларда 2 680 науқас бар, ал 2 212 адам амбулатория жағдайында ем қабылдап жатыр.

142 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында қосылған.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 425-ке жетті, 99 893 адам аурудан айықты, 1 640 науқас қайтыс болды.