Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, — делінген құжатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дмитрий Малаховты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, — делінген жарлықта.