Алдағы 3 тәулікте шығыс пен батыста толассыз жаңбыр жауады

Алдағы 3 күнде биік жыра республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс жартысына әсер етеді.

Аптаның соңына қарай Қазақстанның батыс облыстарындағы ауа райын Скандинавия аудандарынан келетін циклон анықтайды. Сол себепті елдің батысында жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнайды, дауылды желмен бірге толассыз жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін, — деп хабарлады мамандар.

Республиканың қалған аумағындағы ауа райына антициклон әсер етеді, күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады.

Бұған дейін cиноптиктер республиканың көп өңірінде ауа температурасы көтерілетінін болжады.