Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында қоғамдық ұйымдар көбейіп келеді

Бұл туралы Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Анар Ізден мәлімдеді.

Үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына 2009 жылы облыстық, қалалық және аудандық бюджет есебінен 45 миллион бөлінсе, бүгінде бұл бірнеше есе өскен. Аталған көрсеткіш тиісінше үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетінің артқанын көрсетеді. Бұл қаржыға үкіметтік емес ұйымдар арқылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт пен кәсіпкерлік салаларын дамытуға бағытталған, жастар саясатын жетілдіруге арналған жүздеген жобалар жүзеге асып жатыр, – деді Анар Ізден.