Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін, — делінген жеделхатта.
23 тамыз күні жолаушыларға арналған шағын автобус Шатили қаласында шамамен 80 метр биік жартастан құлап, 17 адам қаза тапты, үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, автобуста барлығы 20 адам болған — 17 әйел және 3 ер адам.
25 тамыз Грузияда аза тұту күні болып жарияланды.