Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, — деп жазды Берік Уәли.
Еске салайық, Мемлекет басшысы тұңғыш Жолдауын былтыр 2 қыркүйекте жариялады. Ол Жолдауында есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламент пен Үкіметке тапсырмалар жүктеді.