Дұрыс ұйқы

Баланың көбі ерте ұйықтаудың орнына аулада қыдырып жүргенді немесе компьютер ойнауды жөн көреді. Соның кесірінен таңертең ерте тұра алмайды,  мектепке баруға қиналады. Ұйқы қанбайды, күн режимі бұзылады. Мұның бәрі өз кезегінде иммунитеттің дамуына, оқу қабілетіне кері әсер етеді. Сол себепті оқушылар шамамен 8 сағат ұйықтауы керек.

Дұрыс тамақтану

Кез-келген жастағы адам дұрыс тамақтануы керек, алайда бала үшін тамақ мәселесі айрықша маңызды. Бала диетасында баланс сақталуы тиіс. Дәмді, бірақ зиян тағамдарды аз тұтынған дұрыс. Мамандар жаңа піскен көкөніс пен жемісі көбірек жеуге, ет өнімдерін қуырып емес, буға пісіріп дайындауға кеңес береді.

Дәрумен қабылдау

Ағзаға дәрумендердің жетіспеуі — адам иммунитеті төмендеуінің негізгі себептерінің бірі. Сондықтан витамин тобын қабылдау өте маңызды. Оның үстіне күз — жылдың ең қауіпті мезгілі. Ал дәрумендерді тамақтан алуға болады. Қыста тұтынылатын көкөніс саны күрт төмендейді, бұл ағза алатын дәрумендер көлемін күрт азайтады. Сондықтан бұл маусымда әртүрлі витамин тобын қабылдап отыру керек.

Балалар
Иллюстрация: Marc Rosenthal

Психикаға түсетін салмақты азайту

Адамның өзін жайсыз сезінуі, көңіл-күйінің болмауы денсаулыққа зиян. Әсіресе, балалардың психикасы тез бұзылып жатады. Мұндай жағдай көбіне маңызды іс-шаралар алдында пайда болуы мүмкін. Сондықтан баладан не мазалап тұрғанын сұрау керек және проблемаларын мұқият тыңдап, шешуге тырысу қажет.

Таза ауадағы серуен

Таза ауада жиі серуендеген жөн, себебі бала денсаулығы үшін табиғатта қыдырудың пайдасы зор. Үйде, мектепте және басқа да сыныптан тыс жұмыстарды орындау үшін төрт қабырғаға қамалып отыра беру балаға жеткілікті таза ауа бермейді. Адамы бар бөлменің ауасында көптеген патоген бактерия жиналады. Сонымен қатар ұйықтар алдында бөлмені желдеткен дұрыс.

Таза су

Мектеп жасындағы бала күніне 1,5-2 литр таза су ішуі қажет. Әртүрлі пайдалы сусын да денедегі су қажет ететін орынды толтыра алмайды. Сол себепті су таза, газдалмаған, қантсыз болуы керек. Таңғы ас алдында, кешке және ұйықтар алдында бір стақан су ішкен абзал.