Басты бетҚоғамАида Балаева:...

Аида Балаева: Экология саласында арнайы жобаларды жүзеге асыру керек

Экология проблемаларынан бас тарту мүмкін емес. Себебі бұл — қоғам үшін маңызды тақырыптың бірі. Жақында болған жағдайлардың барлығы қоғамдық және құқықтық, рухани емдеуді қажет ететін әлеуметтік диагноз екенін көрсетті. Біз экологиялық білім беру мәселесіне көп көңіл бөлдік. Осыған дейін де бірқатар дөңгелек үстел өтті. Отырыстардың аясында бірқатар шешім қабылданды. Экология саласында арнайы жобаларды жүзеге асыру керек. Экология мәселелерін шешуге қатысатын экология ұйымдарының саны әлі де көп емес. Осы бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар саны — 170. Бұл тіркелген үЕҰ-дың тек 3,3%-і, — деді Аида Балаева экологиялық білімге қатысты өткен онлайн брифингіде.

Министрдің айтуынша, қазір экобелсенділер көп. Олар қызық әрі тиімді жобалар ұсынуға дайын.

Біз қоғамдық бақылау тетігін күшейтуді нығайтуға мүдделіміз. Пандемия кезінде ол өзінің тиімділігін көрсетті. Кәсіби экологтардан құралатын топ тиімді жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті. Экология тақырыбы бойынша ақпараттық жұмысты жандандыру керек. Онда тек медиа материалдар ғана емес, экология журналистикасының дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Әрине, елде қоршаған орта бойынша айтылады, жазылады. Олардың санын арттыру керек. Қоршаған ортаны тек әрбір адамның мектеп кезінен бастап алған тәрбиесінің негізінде сақтауға болады. Расында да, мұндай мәдениеттің бастауы білім мен тәрбиеде жатыр. Өкінішті, бірақ қалада өсіп жатқан балалардың ішінде қарапайым қой мен ешкіні білмейтіндер мен шөп пен тікенді ажырата алмайтындар көп. Бұл, әрине, ежелден табиғатпен бірге өсіп, аң-құстың киесін құрметтеген, жеті қазынасына қосқан халықтың ұрпағы үшін — үлкен сын. Сондықтан экобілім мен мәдениетті ең әуелі мектептен бастау керек, — деді ол.