Мамандардың болжамына қарағанда, күзгі температурамен бірге толассыз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, кей өңірде тұман түседі.
Күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстік өңірлерінде де өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз температура 22-30-дан 30-35 градус жылыға дейін көтеріледі, — деп хабарлады мамандар.