Air Astana ұшақта масканы міндетті түрде тағу керегін ескертеді

Air Astana жолаушылардан ұшақ ішінде маска тағуды табанды түрде сұрайды.

Бетперде өзіңізді, жақындарыңыз бен экипажды коронавирус жұқтырудан қорғайды. Жолаушылар масқа тағу тәртібін мен ұшаққа отырғызу және түсу кезінде 1 метр арақашықтықты сақтауы қажет.

Норманы бір рет бұзған жолаушы келесі сапарға шыққанда санитария талаптарын сақтауға, сақтамаған жағдайда әуе компаниясына келтірген шығынды өтеу туралы жазбаша келісімін беруге тиіс.

Ұшақтың жақын жердегі әуежайға жоспарсыз қонуы бірнеше мың АҚШ доллары болуы мүмкін. Бұған қоса, жолаушыларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Air Astana ұшақтарында cанитария нормаларын бұзудың 23 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 18 адам маска тағудан бас тартқан.