Қазақстандағы COVID-19: 78 633 науқас ауруынан айықты

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан айыққандар Алматыда, Атырау және Қызылорда облыстарында көп тіркелген:

Нұр-Сұлтанда — 113;
Алматыда — 641;
Шымкентте — 4;
Ақмола облысында — 66;
Ақтөбе облысында — 9;
Алматы облысында — 55;
Атырау облысында — 543;
Шығыс Қазақстан облысында — 68;
Жамбыл облысында — 8;
Батыс Қазақстан облысында — 12;
Қарағанды облысында — 16;
Қостанай облысында — 11;
Қызылорда облысында — 252;
Маңғыстау облысында — 23;
Павлодар облысында — 21;
Солтүстік Қазақстан — 22;
Түркістан облысында — 13.

Елімізде барлығы 78 633 науқас ауруынан айықты. Инфекцияны бүгінге дейін 101 848 адам жұқтырды.