Асқар Мамин карантин шектеулерін кезең бойынша алып тастауды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру барысы қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, кейінгі 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге төмендеді.

Айығып шыққан адамдардың үлесі — 73,6%, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Төсек орындарының жүктемесі 61%, жедел жәрдем шақыру көлемі 62% (3 232-ден 1 232-ге дейін) төмендеді.

Жалпы алғанда еліміздегі санитария-эпидемиология жағдайы тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр, —  деді Асқар Мамин.

Ол Денсаулық сақтау министрлігіне қалыптасқан эпидемиология жағдайын ескере отырып, карантин шектеулерін кезең-кезеңімен алып тастауды тапсырды.