Жаңа дерек Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қарағанды облысында көп анықталды. Бір күн бұрын да осы 3 өңірде коронавирус жұқтырғандар көп тіркелген еді. 9 тамызда Ақтөбе облысында бірде-бір науқас коронавирус жұқтырмады.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442-ге жетті.
Өңірлерде бүгінге дейін және бір күнде COVID-19 жұқтырғандар саны:
Алматыда — 13 433 (+132);
Нұр-Сұлтанда -13 049 (+163);
Атырау облысында — 10 606 (+30);
Қарағанды облысында — 9 422 (+87);
Шығыс Қазақстан облысында — 7 275 (+58);
Батыс Қазақстан облысында — 6 315 (+49);
Шымкентте — 5 107 (+1);
Алматы облысында — 4 704 (+18);
Жамбыл облысында — 3 889 (+20);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 539 (+38);
Павлодар облысында — 3 531 (+21);
Қызылорда облысында — 3 180 (+5);
Маңғыстау облысында — 3 152 (+28);
Ақтөбе облысында — 3 103 (+0);
Қостанай облысында — 3 082 (+31);
Ақмола облысында — 3 046 (+42);
Түркістан облысында — 3 009 (+18).
Өткен тәулікте елімізде 250 адам коронавирустан жазылып шықты. Қазақстанда барлығы 72 523 адам COVID-19-дан айықты.
